Өзбекстаннан Қазақстанға гуманитарлық көмек тиелген 15 жүк көлігі келді

Гуманитарлық көмек тиелген жүк көліктерін Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев және арнайы сүйемелдеу қызметі Келес ауданы аумағындағы Б.Қонысбаев кеден бекетінен күтіп алды.

Өзбекстаннан Қазақстанға 15 жүк көлік гуманитарлық көмек келді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Гуманитарлық көмек тиелген жүк көліктерін Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев және арнайы сүйемелдеу қызметі Келес ауданы аумағындағы Б.Қонысбаев кеден бекетінен күтіп алды және көршілес елдің көмегіне ризашылық білдіріп, алғыс айтты.

Гуманитарлық көмек керуенін Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері Қарағанды облысының Сарышаған елді мекеніне, Балқаш қаласына, Қарағанды қаласына дейін жеткізіп береді.