Ұйқы бала денесінің дамуында маңызды рөл атқарады. Балаға ұйқының барлық жағдайын қамтамасыз ету қажет. Уақытында ұйықтауға, ұйқының дұрыс болуына, тыныштандыруға, аштық пен ыңғайсыздықтың алдын алуға көмектесу керек, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
UNICEF Kazakhstan ұйқының жеткілікті режимін қалыптастырудың бірнеше негізгі әдісін ұсынды:
- Ұйқыға дайындалу рәсімін сақтау керек (шомылу, оқу, жарықты өшіру, бесік жырын айту, анасының уқалап-сипағаны). Релаксация әдісі және ұйықтау қажеттілігі туралы белгі ретінде жаңа туған нәрестені шомылдыру, бесікте қауіпсіз тербету де балаңызға жағымды әсер етеді.
- Бесік жырын айту тыныш эмоционалды фон тудырады және ұйықтауға ыңғайлы психо-эмоционалды фон құрады.
- Ұйқы алдындағы уақытты тыныш өткізіңіз.
- Күнде бір уақытта ұйқыдан оянуды үйренініз, ұйқы режимін белгілеу өте маңызды.
- Баланың күндізгі ұйқысы ұзақ болмауы керек, әйтпесе түнгі ұйқы үзік-үзік және мазасыз болады.
- Баланы ортақ кереуетке жатқызбауға тырысыңыз, баланы өз бесігінде ұйықтауға үйретіңіз.
- Шу мен жарықтың минималды деңгейін қамтамасыз етіңіз. Ұйықтар алдында бөлмені желдетіңіз, ауа құрғақ болса, ылғалдандырғышты қолданыңыз.