Синоптиктер ауа райына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 22 сәуірде Астанада және еліміздің 13 өңірінде найзағай ойнайды. Маңғыстау және Қызылорда облыстарында шаңды дауыл тұрады.
Атырау облысында найзағай ойнайды. 23-26 сәуір аралығында болжанып отырған қатты жауын-шашынға байланысты Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында көлбеу ағын қалыптасуы және өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін.
Синоптиктер автожолдарды, елді мекендерді және шаруашылық құрылыстарды су басуы мүмкін екенін ескертті.
Қарағанды облысында найзағай жарқылдайды. Ұлытау облысында жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.
Павлодар облысында найзағай ойнайды, жел тұрады, екпіні секундына 15-20 метр болады. Ақмола облысында найзағай жарқылдайды. Маңғыстау облысында найзағай ойнайды. Түнде облыстың батысында тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, шығысында шаңды дауыл тұрады.
Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Абай облыстарында найзағай ойнайды. Қызылорда облысында дауыл болады. Солтүстік Қазақстан облысында екпіні секундына 15-20 метр болатын жел тұрады.
Түркістан облысында таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай ойнап, дауыл тұрады. Астанада найзағай жарқылдайды.