"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жыл 23 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстан территориясының басым бөлігіне атмосфералық фронталды бөліктер әсер ететін болады – найзағаймен жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста қарқыны қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі, республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстік-батыста - шаңды дауыл, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста дауыл күтіледі.
Тек еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.