"Қазгидромет" синоптиктері 23 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ел аумағының басым бөлігіне атмосфералық фронттар әсер етеді.
Соған байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста қарқыны қатты жаңбыр, бұршақ жауады.
Қазақстан бойынша жел күшейеді.
Оңтүстік-батыста – шаңды дауыл, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – дауыл тұрады.
Тек еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жауын-шашын жаумайды, күн ашық.