Кәсіпкер Бахаридин Аблазимов Қазақстанның бірқатар өңірінде су тасқынынан зардап шеккендерге 2,7 миллион теңге жібереді. Бұл туралы журналист Ербол Еділов Телеграм-арнасында хабарлады.
Бахаридин Аблазимов "ҚазАзот" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
Ол Тимур Құлыбаев (№1 рейтинг), Дінмұхамет Идрисов (№21) және Ержан Достыбаевпен әріптестікте «ҚазАзот» ЖШС (Қазақстандағы аммиак пен аммиак селитрасының жалғыз өндірушісі) үлестеріне ие. Сондай-ақ, бизнесменге «Ансаған Петролеум» ЖШС, «ТриасМунайГаз» ЖШС, «Матен Петролеум» АҚ, «Petro Chemical Company» ЖШС және «Радуга-Агро»ЖШС үлестері тиесілі.