Стенд атудан Қазақстан командасының мүшесі Мария Дмитриенко 2024 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеуден өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, спортшы Дохада (Катар) өткен Олимпиадаға іріктеу турнирінде жолдамаға ілікті.
Дмитриенко «трап» бағдарламасы бойынша сәтті өнер көрсетті. Осылайша, Мария стенд атудан Қазақстаннан лицензия алған алғашқы спортшы болып отыр.
Айта кетелік, Дохада Қазақстан намысын 21 мерген қорғап жатыр. Турнир 29 сәуірде аяқталады.