Қазақстанда кітап қымбаттап кетті

2024 жылғы наурызда Қазақстандағы кітаптар өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 3,7% қымбаттады.

2023 жылдың қаңтар-желтоқсаны аралығында баспа компаниялары көрсеткен қызметтердің көлемі 70,2 млрд теңгені құрады, деп жазады Aikyn.kz.

Ұлттық статистика бюросынан жазғандай, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қызмет көрсету көлемі 0,8% өсті.

Аталған соманың 23,5 млрд теңгесі – газет шығару, 16,7 млрд теңге – кітап шығару, 9,7 млрд теңге баспа қызметінің өзге түрлері есебінен болған.