Жетісу облысының Сарыөзек ауылында туған ұлы қарт әкесін үйінен көшеге қуып жіберген. Оқиға жайлы полицияға отбасының көршілері хабарласқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Көршілер көшеде ұйықтап жатқан 64 жастағы ер адамды суретке түсірген. Әлеуметтік желіде бұл туралы бірнеше журналист жазды. Дереккөзге сүйенсек, оны келіні мен ұлы үйден қуып шыққан. Бейжай қарамайтын жергілікті тұрғындар жұртшылықтың көмегіне жүгінді.
Жетісу облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға орнына учаскелік полиция қызметкері барғанын хабарлады.
«Ақпаратты Кербұлақ аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары тексерді, туыстарының бір-біріне шағымдары жоқ», – деп хабарлады полиция.