Қазақстанда тағы бір сот отырысы тікелей эфирде көрсетіліп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Жоғарғы соттың баспасөз қызметі мәліметінше, Қазақстанда республика соттарының тікелей эфирде отырыстар өткізу тәжірибесі жалғасып жатыр.
"Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында үш адамның абайсызда өліміне әкеп соққан (293-бап 1-бөлім, 351-бап 3-бөлім) сотталушыға, бұзақылық жасады және көліктің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін ережелерді бұзды деп айыпталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті отырыс өтеді. Осы істі сотта қарауға қоғамдық қызығушылықты ескере отырып, сот отырыстарын онлайн-трансляциялауды ұйымдастыру туралы шешім қабылданды", – делінген хабарламада.
Сот отырысы 24 сәуірде сағат 15:00-де басталды. Сот ісі Жоғарғы соттың YouTube каналында онлайн көрсетіледі.