Әнші Ақбота-Нұрдың жаңа суреті желі қолданушыларын шошытты

Өнер иесі бет-аузы қан-жоса болған суретін жариялаған.

Әнші Ақбота-Нұр Сейтмағамбеттің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған суреті желі қолданушыларын шошытты, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Өнер иесі бет-аузы қан-жоса болған суретін жариялап, өлең жолдарын жазған.

 

"Бақ па, сор ма туылғаның қыз болып,

Ныпсы гүл боп шығу қажет мұз жарып.

Аламанға салсаң озар, әй қайдам,

Пешенесі тұрғаннан соң тұзданып.

Мен - әйелмін, қырық жан бар бойымда,

Шырқыраймын, талай уайым қойында.

От шарпыса шыдай түсем ерімей,

Себебі мен ұқсап кетем-шойынға...

Бәлкім бұл бақытсыздықтың ең сорақы көрінісі болар, бәлкім таңдауға келгендегі әлсіздік пен жаңылыс..", - деп жазды.