Қырғызстанда 3 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Кабар агенттігі жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының сейсмология институтының мәліметі бойынша, бүгін сағат 15:24-те Қытайда аумағында күші 4,5 балға жететін жер сілкінісі тіркелген.
Жерасты дүмпуі Қырғыз Республикасының елді мекендерінде, Ыстықкөл облысы Жеті-Оғыз ауданы Бедел ауылында сезілді, күші – 3 балл.
Елдің Төтенше жағдайлар министрлігі зардап шеккендер мен қирандылар жоқ екенін мәлімдеді.