Air Astana есірткіге мас күйінде ұсталған ұшқышқа қатысты мәлімдеме жасады

Қазір полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Air Astana есірткіге мас күйінде ұсталған ұшқыш жұмыстан шеттетілгенін мәлім етті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

23 сәуірде Алматы әуежайында жолаушы ретінде ұшып келе жатқан әуекомпания ұшқышы есірткіге мас күйінде ұсталды. Қазір полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. 

«Қауіпсіздік біздің басты міндетіміз болғандықтан, әуекомпания қызметкерлердің ішімдік немесе есірткі тұтынуын мүлде құптамайды. Әуекомпанияда экипаждардың қанында алкоголь немесе есірткі бар-жоғы үнемі тексеріліп отырады», - делінген әуекомпания хабарламасында.

Белгілі болғандай, әуекомпанияның екінші ұшқышы 23 сәуірде Алматы әуежайында жолаушы ретінде ұшу кезінде ұсталған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол Ақтауға ұшқан.