Әнші Ділназ Ахмадиеваның әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өнер иесі әкесі Президент қолынан марапат алғанын жеткізді.
«Бүгін менің әкем Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының қолынан жаңа марапат алды! Әкемнің Қазақстан халқының бірлігіне қосқан үлесі үшін «Ел бірлігі» ордені берілді. Кәнеки, әкетайыма құтты болсын айтайықшы, ол өте бақытты болар еді», - деп жазды әнші.