Қызылқоға ауданында екі көпір мен автожолдар қалпына келтірілді

Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы мәлімдеді.

Атырау облысы Қызылқоға ауданында су тасқыны салдарынан бүлінген көпірлер мен автожолдар қалпына келтірілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының мәліметінше, 25 сәуірде бүлінген екі көпір мен бірнеше автожол қалпына келтіріп, жол қатынасы ашылды.

Соркөл елді мекені-Қурайлы қыстағы,

Миялы-Сағыз ауылы,

Миялы-Жангелдин,

“Миялы-Жангелдин” ауылын жалғап тұрған “Кенен” көпірі

Қоныстану ауылы мен Жасқайрат ауылына жалғап тұрған «Қоныстану» көпірі, 

«Миялы-Жангелдин» арасындағы айналма жол,

Миялы ауылынан Жангелдин ауылына шығу бағытында 3 шақырым қашықтықтағы «Кенен» көпіріне дейінгі жол.