"Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен Атырау облысының Жайық өзенінде су деңгейі өзгерді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Облыстық жедел штабтың мәліметінше, Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі 645 см, деңгейдің +19 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 422 см құрайды.
Жайық өзені – Махамбет кенті 743 см деңгейінде, тәулігіне +8 см деңгейдің көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 426 см-ге жеткен.
Жайық өзені – Атырау қаласы гидробекетіндегі су деңгейі 434 см, тәулігіне +3 см деңгейдің көтерілуі су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 243 см құрайды.
28 сәуірде Ирикла су қоймасынан ағызу 192 м3/с құрайды, – делінген хабарламада.