Батыс Қазақстан облысында жүк пойызы рельстен шығып, аударылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Төтенше жағдай 7 наурызда 23:20-да Сайхин ауылының маңында болған. Астық салынған пойыз Саратов - Астрахань бағыты бойынша жүріп бара жатқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, апатқа дөңгелектегі жарықшақ себеп болған. Бес вагон рельстен шығып, аударылған.
[caption id="attachment_26619" align="alignnone" width="740"] © Сурет Tengrinews .kz сайтынан[/caption]
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
[caption id="attachment_26620" align="alignnone" width="740"] © Сурет Tengrinews .kz сайтынан[/caption]
Осы оқиғадан соң жолаушылар және басқа да пойыздар уақытша басқа жолмен жүреді.
[caption id="attachment_26621" align="alignnone" width="740"] © Сурет Tengrinews .kz сайтынан[/caption]
Бұған дейін Қарағанды облысында жолаушылар пойызы рельстен шығып кеткен еді. Сол сәтте пойызда 683 адам болған. ҚТЖ мәліметі бойынша, апатқа боран себеп болған.