Ақмола облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолында жол апатынан 5 адам қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 28 сәуірде сағат 23:51 шамасында Астрахан ауданы Жалтыр ауылының маңында, яғни «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1099-шақырымында болған.
Анықталғандай, Жарқайың ауданының 29 жастағы тұрғыны басқарған «Mercedes-Benz E200» автокөлігімен Жақсы ауылынан Астана бағытында шыққан «ВАЗ-2107» машинасына соқтығысқан.
«Апат салдарынан оқиға орнында бес адам қаза тауып, екі адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды», – деді ведомство.