Қазақстандық сейсмологтар Алматының оңтүстік-шығысында тағы бір жер сілкінісін тіркеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстан ТЖМ ғылыми орталығының сейсмикалық станциялары желісінің мәліметі бойынша, 29 сәуір күні сағат 17: 06-да Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде – Қытай аумағында жер сілкінісі болды.
Сейсмологтар бұл құбылысты афтершок деп атады.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.
- MPV магнитудасы – 4,5.
- Тереңдігі – 5 шақырым.
Қазақстан аумағында жерасты дүмпулері сезілмеді.