Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Астанада өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстан бокс федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен 18 жастағы Сабырхан Қырғызстан өкілі Рамзан Қадыровпен шаршы алаңға шығып, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Сабырхан Төрехан – 2023 жылы әлем чемпионы атанған боксшы Махмұд Сабырханның туған інісі.
Сабырхан Төрехан 19 жасқа толмағандықтан 2024 жылғы Олимпиадаға іріктеу турниріне қатыса алмады.