Жиында партияның республикалық сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының 209-тармағы және партияның облыстық филиалының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол картасы аясында ішкі туризмді дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар бойынша тиісті басқарма басшысының есебі тыңдалды.
«2023 жылы «Жаңа Бұқтырма кентінің орталық бөлігін абаттандыру» жобасын іске асыру басталды. Бүгінде жұмыс қарқынды жүргізілуде. Ұлттық статистика бюросы департаментінің ақпаратына сәйкес, ішкі туристер саны 2023 жылдың қорытындысы бойынша, былтырғы жылмен салыстырғанда 102,7% өсіммен 351,7 мың адамды құрады. ШҚО бойынша «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасының жоспары 109,2%-ға орындалды» – дейді Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Марат Кабаков.
Сонымен қатар кеңес мүшелері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Азық-түлік қорларын қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар өнімдерге бағаның өсуіне жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» тапсырмасының орындалуы бойынша да бірқатар жауапты мекеме өкілдерін тыңдап, мәселеге назар аударды.