Болгарияда коронавирусты жұқтырудың алғашқы екі оқиғасын растады, деп хабарлайды Болгар телеграф агенттігі. Хабарламаға сенсек, жұқтыру жағдайлары туралы ақпарат Болгария үкіметі жанындағы коронавирусты таратумен күрес жөніндегі ұлттық жедел штаб бастығы Венцислав Матафчийскидің Министрлер Кеңесіндегі брифингі барысында расталды. Сондай-ақ, бүгін коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы Молдавияда тіркелгені белгілі болды . Оның сенбі күні Болонья - Кишинев рейсімен Италиядан ұшып келген 48 жастағы әйел екені хабарланды.