Биыл 17-ші рет өткізілген Sony World Photography Awards байқауына ұсынылған фотосуреттерді жақында newatlas.com сайты жариялады. Сайтта берілген фото туындылардың ең үздіктерін Aikyn.kz өзінің қымбатты оқырмандарымен бөліседі.
Әлемдегі фотосуреттер байқауының ішінде Sony World Photography Awards марапаты кәсіби фотографтар үшін мәртебелі саналады. Ондағы жеңімпаз фото туындылар, бүкіл әлемдегі аудиторияда резонанс тудыратын қуатты фотосуреттер ерекше көңіл күй сыйлайды. Байқаудың биылғы жеңімпаздары туралы мәліметтер мен үздік жұмыстар галереясы төменде берілген.
Беделді «Жыл фотографы» сыйлығы, соның ішінде 25 000 АҚШ доллары және Sony фотоаппараты француз әйелі Джульетта Павиге берілді.
Биылғы байқауға ұсынылған суреттер таңдауы таза пейзаждардың, таңғажайып жануарлардың және өз өмірін басқаратын ерекше адамдардың керемет қоспасын көрсетеді. Лиам Манның «Сторр үстіндегі Айдың шығуы» атты туындысы Шотландиядағы «Сторрдың қарт адамының» дрондарға бекітілген қуатты шамдармен жарықтандырылған жартас пішінін бейнелейді.
Лиам Мэн осы еңбегі үшін «Жылдың ашық фотографы» деп танылған. Бұл таңғажайып сурет Шотландиядағы Скай аралындағы «Сторрдың қарт адамы» деп аталатын жартас түзілімін түсіріп, тау пейзажы мен қысқы аспанды ерекше көрсетеді.
Түсірілім қиын болған, фотограф түсірілімді түнде жүргізген, ол қатты қарлы боран кезінде дрон шамдарын да, көтеріліп келе жатқан айдың да жарығын қолданған.
Біз таңдаған келесі туындының авторы британдық фотограф Ян Форд. Оның фото суреті «Сағы сынған Қолтырауын» деп аталады. Фото Бразилиядағы Сан-Лоренсу өзенінде түсірілген және ягуардың (теңбілшер) қолтырауынды желкесінен тістеп ұстағаны бейнеленген. Ягуар шабуылы, оның көздері, өткір тістерімен қолтырауынды ұстауы, қолтырауынның дәрменсіздігі нағыз драма түрінде көрсетілген. Өте сәтті кадр деп санаймыз.
Ұлыбританиядан келген Ян Форд «Табиғат әлемі және жабайы табиғат» номинациясында «Кайманның қирауы» атты фотосуреті үшін жеңімпаз атанды. Бразилиядағы Сан-Лоуренсо өзенінде түсірілім жасап жүрген фотограф шытырман оқиғаларды басынан кешіреді. Осы оқиғалардан аман шыққан оған жақын жерде өзен жағалап ягуар жүргені айтылады. Кәсіби фотогораф оқиға орнына жүгіріп бара жатып, өзінің олжасын аңдып келе жатқан ұрғашы ягуарды көреді. Ары қарай сирек кездесетін оқиғаның куәсәі болады. Ягуар еш іркілместен қолтырауынға (кайман) шабуыл жасап, оның мойын тұсынан семсердей азу тістерімен тапжылтпай ұстайды.
Бұл Sony World Photography Awards 2024 байқауы жеңімпаздарының фото суреттері. Әрбір фото жеке тағдыр, жеке эмоциялар екенін көрдік. Оның біреуін кездейсоқтық деп немесе арнайы қойылыммен түсірілген деп бөліп жатудың өзі қиын.
Жеңімпаз атанған жұмыстардың барлығында адамды қоршаған ғажайып әлем, таңғалдыратын пейзаждар мен шытырман оқиғалар желісі бар.
Бұдан шығатын бір ғана қорытынды бар. Адамзат баласы бір-біріне, өзін қоршаған сұлу табиғат әлеміне аса жауапкершілікпен қарап, сыйлап, қорғап жүргені маңызды.