Атырау облыстық ТЖ жөніндегі жедел штабтың мәліметінше, 30 сәуірдегі жағдай бойынша жоспарланған 250,8 шақырым бөгеттің 243,6 шақырым қорғаныс бөгеттері салынып біткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, жағалауды нығайту жұмыстарына 444 техника, 809 ұйым қызметкері және 1 774 ерікті жұмылдырылды.
Еріктілер қатарында бөгеттерді тұрғызуға Бегалы Меңдіғалиев та қатысты. Егде тартқан жасына қарамастан, ақсақал қапшықтарды құммен толтырып, бөгет нығайту жұмыстарына атсалысты.
Жергілікті тұрғынның айтуынша, олар еріктілермен бірге күніне 6 000-ға жуық қапты дайындап, бөгет нығайтуда.