Алматы облысында мектеп оқушысы сабақ үстінде көз жұмды

Қайғылы жағдайды Алматы облыстық Білім басқармасы өкілдері растады.

Алматы облысына қарасты Қарасай ауданындағы мектептердің бірінде 10 жастағы оқушы қыз сабақ үстінде қайтыс болды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қайғылы жағдайды Алматы облыстық Білім басқармасы өкілдері растады.

Ресми мәліметке сәйкес, 23 сәуірде Қарасай ауданы Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектепте 2014 жылы туған 4-сынып оқушысы көз жұмған.

«Сабақ кезінде қыз бала өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Медициналық көмек ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес көрсетілді. Медицина мамандарының әрекетіне қарамастан, мектеп оқушысы жедел жәрдем көлігінде көз жұмды», - деп түсіндірді ведомстводан.

Қазір құқық қорғау органдары аталған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.