2-7 градус аяз: Мамыр айының алғашқы күндері ауа райы қандай болады?

1-2 мамыр аралығында ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» синоптиктері 1-2 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында түнде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал, күн күркіреп, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады. Сондай-ақ екпінді жел соғып, түнде солтүстік және шығыс облыстарда тұман түседі.

«Скандинавия аймақтарынан соққан антициклонның әсерінен солтүстік, шығыс және орталық облыстарда ауа температурасы түнде -5 градусқа дейін күрт төмендейді, 1-6 градус аяз болады, күндіз +5-13 градус жылы болады», – деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазгидромет» баспасөз хатшысы.

Сондай-ақ ол ауа температурасының түнде 2-7 градусқа дейін, аяз 2 градусқа дейін, күндіз 15-25 градусқа дейін төмендеуіне ықпал еткен суық ағындар біртіндеп республиканың оңтүстік аймақтарына ауысатынын айтты.