Bereke Bank – тұрақты және табысты банк

«Bereke Bank» АҚ 2023 жылдың қаржылық есептілігін ұсынады.

Есептік кезеңде банк өз көрсеткіштерін жақсартып, 2022 жылы келтірілген шығындарға қарағанда, 29 миллиард теңге мөлшерінде табысқа қол жеткізді.

2023 жыл жалпы қаржы секторы үшін тарихи маңызы зор жыл болды, өйткені алғаш рет санкция салынған банк халықаралық санкциялардан шығып қана қоймай, өзінің операциялық қызметін толығымен қалпына келтірді. Қысқа мерзім ішінде банк халықаралық рейтингтерді алып, шетел валютасында корреспонденттік шоттар ашты, Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйелерімен жұмысты жандандырды, сондай-ақ мобильді қосымшаны AppStore және Google Play дүкендеріне қайтарды. Бұл бірегей тәжірибе банк командасының қажырлы еңбегі мен акционердің – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қолдауының арқасында мүмкін болды.

Bereke Bank өзінің тұрақтылығын айқындады, бұл KPMG халықаралық аудиторлық компаниясының есебімен расталады. Бүгінде банк реттеуші белгілеген барлық нормативтерді сақтап келеді, капиталдың жеткіліктілігі 10,3%-ды құрайды. Банктің тұрақтылығы өтімді активтердің 34% мөлшеріндегі жоғары үлесімен расталады. 

Жылдың екінші жартысынан бастап банк клиенттерді белсенді түрде тарта бастады. Қысқа мерзім ішінде клиенттердің 320 мыңнан астам жаңа шоттары ашылды, бұл банкке нарықтағы бөлшек салымдардың жылдық өсімі бойынша көшбасшы болуға мүмкіндік беріп, оның көлемі 438 миллиард теңгені құрады. Банк сондай-ақ автокредит бойынша көшбасшылық орнын қайтарып, өткен жылғы кредиттер деңгейіне +301% рекордтық көлем берді. Банк активтерінің жалпы мөлшері 1,7-ден 2 триллион теңгеге дейін өсті.

Bereke Bank үшін клиентке қызмет көрсету деңгейін жақсарту негізгі басымдық болып табылады. Бір жыл ішінде банк клиенттік операциялардың автоматтандыру деңгейін 52%-дан 97%-ға дейін жеткізді. Бұл жұмыстар қызмет көрсету жылдамдығын арттырып, клиенттердің көңілінен шықты.

Сонымен қатар, 2023 жыл банк үшін бренд рестайлингі әрі банктің жаңа көзқарасы мен құндылықтарын айқындайтын жаңа брендтің тұсаукесерімен ерекшеленді. Қазіргі күні адамдардың сапалы жеке қызметке, қызмет көрсетудің жоғары деңгейіне деген қажеттілігі артып келеді және Bereke Bank өз клиенттеріне қамқорлық көрсете отырып, оларға барынша жағдай жасауға тырысады.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 20.09.22ж. берген №1.2.199/93/31 лицензия.