Павлодарда колледж жатақханасынан студент қыздың мәйіті табылды

Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл фактіні растады.

Павлодарда өзіне қол жұмсаған қыздың денесі табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz  Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар колледждерінің бірінің жатақханасынан студенттің денесі табылды. Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл фактіні растады.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша «Суицидке жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады полициядан.