Талдықорған полициясының экс-басшысы Марат Күштібаевқа қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz қалалық сотқа сілтеме жасап.
Тағылған айыптарға сәйкес 2023 жылғы 12 қарашада Күштібаев Талдықорған қаласы Полиция басқармасының бастығы бола тұра, басқарма ғимаратында, атап айтқанда өзінің қызметтік кабинетінде зорлау, яғни қызметтік міндеттерін орындау кезінде жәбірленушіге зорлық-зомбылық қолдану арқылы жыныстық қатынас жасаған.
Істің мән-жайлары заңға сәйкес жарияланбайтындықтан, іс жабық сот отырысында қаралады.
Осы баптың санкциясы 9 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Сот үкімімен Күштібаев ҚК-ның 120-бабы 2-тармағының 5) тармақшасы бойынша кінәлі деп танылды және оған 10 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
ҚК-ның 49-бабының 1-бөлігіне сәйкес Марат Күштібаев «полиция полковнигі» арнайы атағынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.