Нокаут және жеңіліс: Бокстан Азия чемпионатында Қазақстан боксшылары қалай өнер көрсетті?

Азия чемпионатының төртінші күнінде тоғыз қазақ боксшысы сынға түсті.

Сейсенбі, 30 сәуір күні Астанада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының төртінші күнінде тоғыз қазақ боксшысы сынға түсті. Бұл туралы Sports.kz жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстандықтардың қатысуымен өткен жекпе-жек нәтижесі мынадай:

22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы турнир. Ерлер

48 кг. Ернар Қарап (Қазақстан) – Мигма Доржи (Бутан) - 5:0

60 кг. Руслан Күзеубаев (Қазақстан) – Мұхамметгулы Ықлымов (Түрікменстан) - Күзеубаев бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

67 кг. Елнұр Сүйінбай (Қазақстан) – Али Горжи (Иран) - 5:0

75 кг. Диас Молжігітов (Қазақстан) – Алден Иашаш Заид (Иордания) – 5:0

86 кг. Темірлан Мұқатаев (Қазақстан) – Бекбол Мұрасбеков (Қырғызстан) – Мұқатаев екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

+92 кг. Аманат Сабырғали (Қазақстан) – Аизихайер Туохондаджи (Қытай) – 5:0

22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы турнир. Әйелдер

50 кг. Гүлнар Тұрапбай (Қазақстан) – Типсатча Йодвари (Таиланд) – 5:0

54 кг. Элина Базарова (Қазақстан) – Ариунзул Чинбат (Моңғолия) – Базарова екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

60 кг. Шахназ Исаева (Қазақстан) – Дильноза Нуримова (Тәжікстан) – Исаева бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.