15 сәуірден бастап республика аумағында тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын қоқысқа белгіленбеген жерлерде қалдырып кету, сұйық қалдықтарды заңсыз төгу фактілеріне жол бермеу бойынша арнайы акция өткізіліп жатыр. Бұл туралы Аikyn.kz агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Акция басталғалы бері полицейлер 127 заңсыз қоқыс орнын анықтады. Олардың 32-сі елді мекендерден шалғай жерлерде орналасқан. Жалпы 19 274 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде 5 488 факті ортақ пайдалану орындарын ластаумен, 13 786 факті абаттандыру ережелерін бұзумен байланысты.