Елена Рыбакина Мадридте Юлия Путинцеваны жеңді

Осылайша, ол турнирдің жартылай финалына шықты.

Мадридтегі (Испания) WTA-1000 турнирінің ширек финалында қазақстандықтар Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, екі спортшы арасындағы матч өте тартысты өтті. Бірінші сетте Путинцева жеңіске жетсе, қалған екі сетте Рыбакина басымдық танытты. 

Матч нәтижесінде  4:6, 7:6, 7:5 есебімен Елена Рыбакина жеңіске жетті. 

Осылайша, ол турнирдің жартылай финалына шықты.