Таразда әйелдерді бизнеске баулыған мегафестиваль өтуде
Таразда әйелдерді бизнеске баулыған мегафестиваль өтуде
5,130
оқылды
Халықаралық әйелдер күніне орай Тараз қаласында Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен «Көрпе FEST» мегафестивалінің ашылу салтанаты өтті. «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешенінің көрме залында өткен мегафестивальдің ашылу салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.  width= Көрмеде қала тұрғындары белгілі этнодизайнер, республикалық "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты, "Алтын орда" авторлық дизайн үйінің негізін қалаушы, "Аманат" сыйлығының құрметті елшісі, республикалық ақпараттық-ағарту орталығының басшысы Ырза Тұрсынзаданың шығармашылығымен таныса алады.  width= Фестивальдің мақсаты - Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" және "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы аясында халықтық қолданбалы өнерді дамыту. Ұлттық құндылықтарды насихаттау, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен иммиджін көтеру. Көп балалы аналар мен жұмыссыз әйелдерді отбасылық бизнеске оқыту.  width= Фестиваль аясында үш кезеңнен тұратын байқау өтеді. Біріншісі – этноинсталяция бойынша байқау (4 көрпе және жастықтар), екіншісі – You Tube арнасындағы Ырза Тұрсынзада шеберлік сыныптары бойынша дайындалған бұйымдар, үшіншісі – ұлттық сән үлгілері бойынша (қазіргі заманғы, сәнді, театрлық және т.б.). Ырза Тұрсынзада «Аналар аманаты» атты тегін семинар-тренинг өткізеді.  width= Оның барысында қатысушылар ұлттық көрпе , құрақ өрнектері және басқа да қолданбалы өнер бұйымдарын жасау құпиясымен танысады Байқау қорытындысы. бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға «Алтын орда» авторлық дизайн үйінің сертификаттары, тігін машиналары және басқа да бағалы сыйлықтар беріледі. Мегафестивальдің қорытындысы ертең шығады.