Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста жол жабылды

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясы мәлімдеді. 

Елімізде ауа райының күрт нашарлауына байланысты екі облыста жол жабылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясы мәлімдеді. 

1. Ақмола облысы:

1 мамырда сағат 00:00-де ауа райының күрт өзгеруіне байланысты “Астана-Ерейментау-Шидерті” автомобиль жолының 16-200 шақырымында (Астана қ. - Павлодар облысының шекарасы учаскесі) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

2. Павлодар облысы:

1 мамырда 00:00-де Ақмола облысында ауа райының күрт өзгеріне байланысты “Астана-Ерейментау-Шидерті” автомобиль жолының 200-254 шақырымында (Ақмола облысының шекарасы - Шидерті а. учаскесі) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.