Мемлекет Қайрат Боранбаевтың қонақүйін 3,9 миллиард теңгеге сатты

Сауда-саттық 2024 жылдың 25 сәуірінде өткен. Қонақүй сатып алу құқығымен 5 жылға сенімгерлік басқаруға беріледі.

Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы Қайрат Боранбаевтың төрт жұлдызды Comfort Hotel Astana қонақүй кешенін сатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

 

Сауда-саттық 2024 жылдың 25 сәуірінде өткен. Қонақүй сатып алу құқығымен 5 жылға сенімгерлік басқаруға беріледі. Кешеннің бастапқы бағасы – 3 919 431 715 теңге. Кепілдік жарнасы 587,9 миллион теңгеге тең.

Еске сала кетейік, Боранбаев құны құны 33,75 млрд теңге болатын бірнеше нысанды мемлекет меншігіне былтыр қазан айында өткізген болатын.