Қызылордада 11 қойды жүк пойызы қағып кетті

Көліктегі полиция департаментінде жыл басынан бері еліміздің теміржолында 522 рет үй жануарларын басып кету фактісі тіркелген.

Қызылордада 11 қойды жүк пойызы қағып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Көліктегі полиция департаментінде жыл басынан бері еліміздің теміржолында 522 рет үй жануарларын басып кету фактісі тіркелген.

«Мәселен, биыл мамыр айында Қызылорда облысының Жаңақорған – 26 РЗД-де жүк пойызының машинисі теміржолда ұсақ малдың болуына байланысты шұғыл тежеуді басқан.

Соқтығысу нәтижесінде 11 бас қой пойыздың астына түсті. Жоспарланбаған пойыз тұрағы 10 минутты құрады. Тексеру барысында Қызылорда стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері үй жануарларының иесі болатын 32 жастағы азаматты анықтады», – деп жазылған хабарламада.

Ер адам теміржолға бөлінген жолақта мал жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.