Дзюдодан Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қазақстандық Мағжан Шамшадин күміс медаль иеленді, - деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
60 келі салмақтағы финалдық бәсекеде Шамшидин тәжікстандық Мұхаммедсалех Куватовпен кездескен болатын.
Белдесу Куватовтың жеңісімен аяқталды. Тәжік балуаны "иппон" ұпайымен жеңіске жетті.
Ал бұл – Мағжанның ұзақ үзілістен кейін қатысқан алғашқы жарысы. Шамшидин былтырғы қарашадан бері жарақатына байланысты татамиге шыққан жоқ.
Осылайша, қазақстандық спортшы турнирдің күміс жүлдегері атанып отыр.