Алтай Көлгінов Эстония президенті Алар Кариске сенім грамоталарын табыс етті

Алтай Көлгінов Эстония президенті Алар Кариспен кездесті.

Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы елшісі Алтай Көлгінов Эстония президенті Алар Кариске сенім грамоталарын табыс етті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Эстония арасындағы қарым-қатынастардың достық сипатын, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға және екі елдің өзара іс-қимылын тереңдетуге бағытталған дәйекті бағытты сақтаудың маңыздылығы туралы хабардар етті.