Қазгидромет Каспий теңізінің қазіргі жай-күйін мәлімдеді

Бұл туралы Республикалық ақпараттық штаб брифингінде "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова айтты.

"2024 жылғы 3 мамырдағы жағдай бойынша, Каспий теңізінің деңгейі оның солтүстік-шығыс бөлігінде Пешной теңіз стансасының деректері  БЖ бойынша 27,87 м белгісіне жақын, шығыс бөлігінде Форт-Шевченко, Ақтау, Құлалы арал деректері  БЖ бойынша 29,16 м белгісіне жақын орналасқан",  деді ол.

Пешной теңіз стансасындағы теңіз деңгейінің көтерілуі Жайық өзеніндегі су тасқыны кезеңімен байланысты және жыл сайын сәуір-мамыр айларында әртүрлі қарқындылықпен қайталанатынын атап өткен жөн. 2024 жылғы 3 мамырдағы Жайық өзені – Атырау қаласы маңында су деңгейі 471 см құрады.

"Қазгидромет" РМК-ның 2024 жылғы 2-7 мамырға жасаған болжамына сәйкес, Солтүстік Каспийде теңіз деңгейінің орташа мәні -27,77 м-ден -29,39 м-ге дейінгі ауытқулармен минус 28,50 м белгісіне жақын болады деп күтілуде. Орта Каспийде теңіз деңгейі -28,65 м-ден -29,55 м-ге дейінгі ауытқулармен орта есеппен минус 29,10 м маңында болады деп болжануда,  деді баспасөз хатшысы.

Желшегерме-желкөтерме құбылыстары күтілмейді, теңіз деңгейінің ауытқуы 15 см-ден аспайды.