2022 жылғы тамыздан 2023 жылғы қыркүйекке дейін Павлодар қаласы әкімдігінің және Павлодар ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері - А.Г., М.А., Б.А., Ж.А., А.А. қызметтік бабын пайдалана отырып, мүмкіндігі шектеулі жандардың жеке көмекшілерінің жұмысына заңсыз ақы төлеп, бюджеттен 89 миллионнан аса теңге жымқырған, - деп жазады Aikyn.kz.
Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, құжаттамалық және заттай дәлелдемелермен, сондай-ақ сараптамалық қорытындылармен дәлелденді. Сотталушылар кінәларын толық мойындады және залалды өтеді.
Сот кінәлі адамдарға 3 жыл 6 айдан бастап 5 жыл 6 айға дейін бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны тағайындады.
Сондай-ақ сотталғандар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.