Астанада донер кафесі түгі қалмай жанып кетті

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі зардап шеккендер туралы ақпарат түспегенін мәлімдеді.

Астанада донер кафесі өртенді. Алдын ала болжам бойынша, өрттің ауданы 80 шаршы метрге жеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Байқоңыр ауданындағы донер кафесі жанып жатқан аумақта елордалық құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге жеке құрамның 20-дан астам адамы және 4 бірлік арнайы техникасы жұмылдырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі зардап шеккендер туралы ақпарат түспегенін мәлімдеді.

Өртті сөндіру барысында алдын ала болжам бойынша, газ баллондарынан 4-5 тарсыл болды. Кафедегі өрт оқшауланды.