Жетісуда ауладағы көлікке бензин шашып, өртеп жіберген күдікті ұсталды

Ұсталған ер адам бұған дейін де сотты болған.

22 сәуірге қараған түні Талдықорғанның шағынаудандарының бірінде белгісіз адам автокөлікті өртеп жіберген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті түнде көпқабатты үйлердің бірінің ауласында тұрған көлікке бензин шашып, оны өртеп жіберген.

«Жедел-іздестіру  шаралары барысында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Талдықорған қаласының жедел уәкілдерімен бірлесіп көлікті өртеген бұрын сотталған 49 жастағы ер адамды ұстады», – деп атап өтті ПД бастығының орынбасары Ельдар Абдикенов.

Күдікті қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.