Атырауда полиция өрт шыққан үйден 50 шақты адамды эвакуациялады

4 мамыр күні сағат 17:00 шамасында патрульдік полиция батальоны мен учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп, көпқабатты үйден шыққан өрттен тұрғындарды аман алып қалды.

10 минуттың ішінде 50-ге жуық тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды, – деп жазады Aikyn.kz.

Сондай-ақ сақшылар пәтерде құлыптанып қалған 8 жасар баланы құтқарып үлгерді.

Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ.