Іс материалдарына сәйкес, ер адам кәмелетке толмаған жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған, – деп жазады Aikyn.kz.
"Сотта азамат Г. кінәсін мойындамады, бірақ оның әрекеті қылмыстық іс материалдары, сот-медициналық сараптамасының қорытындылары, жәбірленушінің, оның өкілдері мен куәгерлер берген айғақтармен дәлелденді", – деді сот.
Осылайша, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот оны кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 50-бабы 2-бөлігі негізінде педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынды.
"Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды. Сотталушы жазасын төтенше жағдайдағы қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде өтейтін болады", – деп толықтырды соттың баспасөз қызметі.