Олар терроризмді насихаттады және республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысты деп күдіктелуде, – деп жазады Aikyn.kz.
Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды.
Күдікті адамдар бұрын жалпы қылмыстық және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталған.
Қылмыстық кодекстің 256 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.