Мемлекет басшысының Жарлығымен жанкешті және жемісті еңбегі үшін «Qarmet» акционерлік қоғамының Костенко атындағы шахтасының жерасты учаскесінің электр слесарі Айбар Бекболатұлы Қосанов ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен наградталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Еске сала кетсек, 2 мамыр күні Қарағандыдағы Костенко атындағы шахта түтіндеп, 200-ге жуық кенші эвакуацияланған болатын.