Қазақстан құрамасы бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында командалық есепте бірінші орын алды. Еліміздің боксшылары 24 медаль еншіледі, – деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Aikyn.kz.
Ерлер командасында 12 медаль: 5 алтын, 1 күміс және 6 қола медаль. Азия чемпионы атанғандар: 60 келі. Алексей Хаванцев 67 келі. Төрехан Сабырхан 71 келі. Өнер Сейілхан 75 келі. Санжарәлі Бегалиев 80 келі. Мадияр Бексұлтанов.
86 келіде Иманғали Нұрпейіс күміс жүлдегер атанса, қола медаль иегерлері: 51 келі Бексұлтан Боранбек, 54 келі Нұрасыл Төлебек, 57 келі Жансері Көшербаев, 63.5 келі Ахмет Үсен, 92 келі Расул Асанханов, +92 келі Нұркелді Жұматай.
Қыздар арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы 12 медаль иеленді: 6 алтын, 3 күміс, 3 қола. Чемпиондар: 54 келі. Аяжан Сыдық 57 келі. Аяжан Ермек 60 келі. Толғанай Қасымхан 66 келі. Ұлдана Таубай 75 келі. Шұғыла Нәлібай 81 келі. Аружан Зейноллаева
Екінші орында: 52 келі. Бағжан Отынбай 70 келі. Мария Сидоренко +81 келі. Панар Сейітханқызы. Қола жүлдегерлер: 48 келі Әнел Абдрасилова, 50 келі Элянур Тұрғанова, 63 келі Аружан Жаңабаева.
Жастар арасындағы Азия чемпионатының жалпыкомандалық есебінде Үндістан және Өзбекстан үздік үштікке енді.