Ерлікке бейбіт заманда да орын бар

Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қол­­басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жо­ғары әс­кери және арнаулы атақ­тар, сыныптық шендер тапсыру рә­сіміне қа­тысты.

Президент жиынға қатысушыларды Отан қорғаушы күнімен және алда келе жат­қан Жеңіс күні мерекесімен құт­тық­тап, осы екі мейрам жауынгерлік дәс­­түр­дің сабақтастығын паш ететінін, батыр ба­баларымыздың даңқты жолын қазір өс­келең ұрпақ жалғастырып келе жатқа­нын атап өтті.

– Бүгінде айбынды армиямыз – ел­де­гі тұтастық пен тыныштықтың мықты қал­­қаны. Қуатты әскеріміз бейбітшілік пен берекелі өмірді қас қақпай күзетіп тұр. Олар қай кезде де қастерлі Ота­ны­мыз­ды қорғауға дайын. Ерлік майданда ға­н­а жасалмайды. Ерлікке бейбіт заманда да орын бар. Биыл біз соңғы 80 жылдағы ең жойқын тасқынға тап болдық. Елге қа­­тер төнген сәтте сарбаздарымыз ал­дың­ғы шептен табылды. Ұлттық ұлан, Іш­кі істер министрлігі, Ұлттық қауіп­сіздік ко­митеті, Төтенше жағдайлар ми­­нистр­лігі және Мемлекеттік күзет қыз­метінің жеке құрамы антқа адал болудың үлгісін көр­сетті. Алапат тасқынға төтеп беру үшін 9 мыңнан астам әскери қыз­мет­ші жұ­мыла еңбек етті. Мыңнан астам тех­­ни­ка жеткізілді. Сын сағатта хал­қы­мыз­­дың асыл құндылықтары анық бай­қа­ла­ды. Осы орайда Солтүстік Қазақстан об­­­­­­лысында апатқа қарсы күрескен 300 сар­­баздың еңбегін ерекше атап өткім ке­­леді. Олар күні-түні бөген салып, қа­ла­­ны қарғын судан құтқаруға атсалысты. Жергілікті тұрғындар бұл сарбаздарға ай­рық­ша риза болды, оларды зор құр­мет­пен шығарып салды. Міне, халық пен ар­мия­ның мызғымас тұтастығы дегеніміз – осы. Мұндай мысалдар аз емес, – деді Пре­­зидент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнін жа­қындатуға атсалысқан майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне әрқашан құрмет көр­сетілетінін айтты. Осы ретте арда­гер­лер­ге мерекеге орай жыл сайын қосымша тө­лемақы берілетінін, ал биыл оның кө­ле­мі үш миллион теңгеге дейін өскенін жет­кізді. Сонымен қатар өзінің баста­ма­сы­мен биылдан бастап «Айбын» ор­де­ні­нің үш дәрежесі даңқты батыр­лары­мыз – Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қош­қар­баевтың атымен аталатынын еске са­лып, ұлт перзенттерінің батылдығы мен батырлығы бүгінгі және болашақ ұр­пақ үшін үлгі-өнеге болатынына назар ау­дарды.

Мемлекет басшысының айтуынша, геоосаяси тұрақсыздық белең алған қа­зір­гі жағдайда мықты әрі дайындығы са­қадай сай әскердің маңызы айтарлық­тай арта түсті.

– Біздің әскери қызметшілеріміз БҰҰ аясындағы түрлі бітімгерлік опе­ра­ция­­ларға қатысып, өздерінің кәсібилігі мен жоғары деңгейдегі жауынгерлік ма­­шы­ғын көрсетіп келеді. Жуырда Қа­зақ­­стан Голан жоталарындағы миссия­сын дер­бес орындау жөніндегі Біріккен Ұлт­тар Ұйымының мандатына алғаш рет ие бол­ды. Соңғы жылдары әлем елдері­нің әс­кери қуаты туралы рейтингтегі ор­ны­мыз едәуір жақсарды. Бұл әс­ке­ріміздің дайын­дығы жоғары екенін әрі үйлесімді әре­кет ететінін білдіреді. Қа­зақ­стан жер-жаһанға өзін бейбіт ел ре­тінде танытты. Біз барлық мемлекетпен дос­тық қатынас ор­наттық. Кез келген шие­леністі сын­дар­лы диалог арқылы ше­шу керек деп есеп­тейміз. Бірақ ар­қаны кеңге салып, қам­сыз отыруға бол­май­ды. Қуатты әс­керіміз түрлі қатерге са­қадай сай тұруға тиіс. Мықты әскер – елдіктің тірегі, – де­ді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан­ның айбынды армиясы кәсіби тұрғыдан бі­лікті әрі заманға сай озық болуы үшін Қа­рулы Күштерімізді одан әрі нығайту жұ­мыстары жалғасатынын жеткізді.

– Күні кеше ғана елімізде жаңа авиа­ция базасы ашылды. Бұл – ұлттық қор­ға­ныс жүйесінің әлеуеті арта түсті деген сөз. Біз армияның беделін көтеруге ай­рық­ша мән береміз. Отан қорғау – бар­ша­мызға ортақ парыз. Мұны, әсіресе, өс­келең ұрпақ терең түсінгені абзал. Мем­лекет жас сарбаздарға жан-жақты қол­дау көрсетіп жатыр. Оларға арнайы бі­лім гранттары бөліне бастады. Несиені өтеу мерзімі кейінге шегерілді. Енді ар­мия­да жүріп, нақты мамандық алуға бо­­лады. «Ер жігітке жарасар, қолындағы най­засы» деп әйгілі Бұқар жырау ба­тыр­лық пен ерлікті ерекше дәріптеген. Шын мәнінде, әскер – мемлекеттің аса маңыз­ды символы. Мен сарбаз­да­ры­мыз­дың жауынгерлік рухы жоғары бол­ға­нын мақтан етемін, – деді Мемлекет басшысы.

Салтанатты жиында Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушылардың еліміздегі ынтымақ пен тыныштықты сақтауға зор үлес қосып келе жатқанын атап өтіп, офи­церлерге әскери және арнаулы атақ­тар, сыныптық шендер тапсырды.

Мемлекет басшысының Жарлығы­мен әскери және арнаулы атақ, сынып­тық шен алған офицерлердің тізімін мы­на сілтеме арқылы көруге болады.

Бұдан бөлек, Президент әскери жә­не қызметтік борышын атқаруда көр­сет­кен ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлт­тық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабіле­тін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құ­­­­қықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үле­сі үшін бір топ азаматты мемлекеттік наг­радалармен марапаттады.

Отан қорғаушы күніне орай Прези­денттің қолынан мемлекеттік наградалар а­лған азаматтар тізімі:

 

І дәрежелі «Даңқ» орденімен

Қамалетдинов Сұлтан Бүркітбайұлы – Қорғаныс министрінің бірінші орын­басары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы;

Дәуешов Халидулла Зиноллаұлы – Ақ­төбе облысының прокуроры.

 

ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен

Раисов Ұлан Ермұханұлы – Қар­жы­лық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары;

Далматов Қанатай Жорабекұлы – Қор­ғаныс министрлігі әскери бөлімінің командирі;

Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы – Жам­был облысының прокуроры.

Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дә­режелі «Айбын» орденімен

 Головин Олег Павлович – Петропавл қаласының полиция басқармасының инспекторы;

Таңатаров Бауыржан Омарұлы – Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштері Штаб бастығының орынбасары;

Доскенов Амангелді Серікұлы – Ақ­мо­ла облысының Ерейментау ауданы тө­­­тен­ше жағдайлар бөлімінің бастығы;

Сақ Ұлықбек Мұратұлы – Қорғаныс ми­нистрлігінің әскери бөлімі командирі­нің бірінші орынбасары;

Ғалымов Жандос Жанатұлы – Ұлт­тық қауіпсіздік комитетінің аға жедел уәкілі;

Насихан Роман Серікұлы – Атырау об­лысының Құрманғазы ауданы по­ли­ция бөлімінің инспекторы;

Оразов Дінмұхамед Ғабитұлы – Ұлт­тық қауіпсіздік комитеті Түркістан об­лы­сы бойынша департаментінің аға же­дел уәкілі;

Омаров Диас Кәкімұлы – Жетісу об­лы­сының Талдықорған қаласы поли­ция басқармасының инспекторы.

 

Рақымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дә­режелі «Айбын» орденімен

Тәжіғұлов Нұрболат Тастемірұлы – Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі.

 

«Құрмет» орденімен

 Кубекова Аина Жадырақызы – Сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы қызметінің департамент басшысы.

 

«Ерлігі үшін» медалімен

Топалов Әміржан Мерекеұлы – Қос­та­най облысының Қарабалық ауданы по­лиция бөлімінің жедел уәкілі;

Құсман Әділ Думанұлы – Абай об­лы­сының полиция департаменті Жыл­дам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы.

 

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен

Өтеуов Ерлан Өтеуұлы – Бас про­ку­ра­­тура Қызмет бастығының орынба­сары;

Стрелков Федор Николаевич – Әуе қор­ғанысы күштерінің әскери институты бастығының орынбасары;

Ілияс Серік Аманкелдіұлы – Мемле­кет­тік күзет қызметінің басқарма басты­ғы­ның орынбасары;

Ақарбеков Мейірхан Сапарханұлы – Қор­ғаныс министрлігі әскери бөлімі­нің рота командирі;

Өтенов Сәкен Сексембайұлы – Ұлт­тық қауіпсіздік комитеті Ақтөбе облысы бойынша департаментінің аға жедел уәкілі;

Ирубаев Ренат Маратұлы – Мемле­кет­тік күзет қызметінің аға офицері;

Мұратбеков Дулат Тілемісұлы – Қар­­жылық мониторинг агенттігі Қос­та­най облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жедел уә­кілі;

Серіков Әділет Алмасбекұлы – Ұлт­тық қауіпсіздік комитеті Шекара қыз­ме­ті­нің Маңғыстау облысы бойынша де­пар­таментінің аға жедел уәкілі;

Әбдікәрімов Тілек Думанұлы – Сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы қызметтің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі наг­радталды.