Бишімбаев ісі бойынша танылған прокурорлар Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбеков қазақстандықтарды Отан қорғаушы және Жеңіс күні мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Бас прокуратураның Instagram-дағы ресми арнасында прокурорлар Саяхат Нұрбеков пен Айжан Аймағанованың қазақстандықтарға арналған видеоқұттықтауы жарияланды.
"Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері және қазақстандықтар! Астана қаласы прокуратурасы сіздерді шын жүректен 9 мамыр Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтайды. Сіздерге бақ-береке тілейміз. Елімізде әрдайым бейбітшілік пен тыныштық болсын", – деді Саяхат Нұрбеков құттықтау сөзінде.
Сонымен қатар прокурор Айжан Аймағанова барлық ер азаматты Отан қорғаушы күнімен құттықтады.