"Қазгидромет" синоптиктері 8 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгін оңтүстік циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер ҚР аумағының басым бөлігіне найзағайлы жаңбыр, батысқа қатты жаңбыр, бұршақ алып келеді. Тек еліміздің солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Ел аумағы бойынша желдің күшеюі, батысы мен оңтүстігінде дауыл, оңтүстік-батысы, солтүстік-батысы мен орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.
Түнде Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 1-2 градус үсік күтіледі.
Қарағанды облысының орталығы мен оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Қызылорда, Түркістан облыстарының батысында, Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.